1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Қысқы Олимпиада
16 ақпан 13:01
 

25 жастағы сопртшы Олимпиада алтынын 36 секундта жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

25 жастағы сопртшы Олимпиада алтынын 36 секундта жеңіп алды ©Видеодан скрин

Нидерландтық конькиші Фемке Кок "Милан – Кортина-2026" қысқы Олимпиадасында әйелдер арасындағы 500 метр қашықтықта алтын жеңіп алды және 36,49 секунд нәтижемен Олимпиада рекордын орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Нидерландтық конькиші Фемке Кок "Милан – Кортина-2026" қысқы Олимпиадасында әйелдер арасындағы 500 метр қашықтықта алтын жеңіп алды және 36,49 секунд нәтижемен Олимпиада рекордын орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Күміс жүлде оның отандасы Ютта Леердам (37,15) еншісінде кетсе, жапониялық Такаги Михо (37,27) қола иеленді.

Кок 0,66 секунд басымдықпен сенімді жеңіске жетті. Ол жарыс тағдырын алғашқы метрлерден-ақ шешті: алғашқы 100 метрді 10,18 секундта жүгіріп өтіп, үздік уақыт көрсетті. Қорытынды айналымды 26,31 секундта еңсеріп, қарсыластарын артта қалдырды.

Бұл жеңіс Нидерланд үшін тарихи болды. Бұл Голландия тарихында әйелдер арасындағы 500 метрде алғашқы Олимпиада алтыны юолып отыр. Сондай-ақ, бұл - 2014 жылдан бергі осы қашықтықтағы алғашқы жүлде.

Қазақстан құрамасынан бұл бағдарламада Кристина Силаева мен Арина Ильященко өнер көрсетті. Силаева 38,33 секунд нәтижемен 18-орын алса, Ильященко 39,38 секунд көрсетіп, 29-сатыға жайғасты.

Айта кетейік, 25 жастағы Фемке Кок бұған дейін де осы Олимпиадада 1000 метр қашықтықта күміс жеңіп алған. Ол - спринтерлік көпсайыстан әлем чемпионы, жекелеген қашықтықтарда бес дүркін әлем чемпионы және үш дүркін Еуропа чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!