18 жастағы спортшымыз жарыс жолында құлап Олимпиаданың финалына өте алмады

©ҚР ҰОК, Тұрар Қазанғапов

Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Олимпиадада фристайлдан ел намысын қорғаған Шерзод Хаширбаев жарыстың финалдық кезеңіне өте алмады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

18 жастағы отандасымыз бірінші мүмкіндігінде 109,74 ұпай жинап, келесі кезеңге бірден шыққан алты спортшының қатарына қосыла алмады. 

Ал екінші мүмкіндігінде Хаширбаев қиын жаттығудан кейін құлап, 69,23 ғана ұпай алды. Осылайша, ол финалға өте алмады. 

Фристайлдің акробатика түрінен финал ертең, 16 ақпанда өтеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін