18 жастағы қытайлық спортшы Олимпиаданың рекордың орнатты

©Reuters

18 жастағы қытайлық фристайлшы Эйлин Гу қысқы Олимпиаданың рекордын орнатты, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

Ол хафпайп сайысында сынға түсіп, Олимпиаданың рекордын жаңартып алтын жүлде жеңіп алды. Бұл оның Бейжіңдегі екінші алтыны. Осыған дейін Гу биг-эйрде бірінші орын алып, слоупстайлда күміс жүлде иеленді.

Осылайша, Гу Олимпиадада фристайлдан үш жүлде жеңген алғашқы спортшы атанып, қысқы ойындардың тарихына енді. 

Негізі Эйлин Гу АҚШ жерінде дүниеге келген. Бірақ қазір Қытай намысын қорғайды. Сондай-ақ, ол 2021 жылы екі дүркін әлем чемпионы атанды. 

Айта кетейік, ХХIV қысқы ойындарда жалпыкомандалық есепте Норвегия құрамасы көш бастап тұр. Аталған құраманың еншісінде 14 алтын, 7 күміс және 8 қола бар. Екінші сатыда Германия (10-7-5) жайғасса, үздік үштікті АҚШ (8-8-5) құрамасы түйіндеп тұр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
26 сәуір 2022, 06:03
Қысқы Олимпиада
Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін