Су добы
Бүгін 11:45

Қазақстан су добынан әлем чемпионатында Түркиядан ұтылып қалды

©ҚР ҰОК

Қазіргі таңда Хорватияның Загреб қаласында су добынан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстан турнирдегі төртінші кездесуін Түркияға қарсы өткізді. Матч 15:8 есебімен қарсыластардың жеңісімен аяқталды.

Осылайша, іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы екі рет жеңіске жетіп, екі рет жеңіліс тапты. Қазақстандық спортшылар ширек финалға шыға алмай, енді сегізінші орыннан төменгі сатылар үшін күресті жалғастырады.

Бүгін, 7 тамыз күні, Қазақстан құрамасы Грузиямен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport