Жарнама

Су добы
Бүгін 16:20
 
Қазақстан ерлер құрамасы су добынан жағажай Азиадасында екінші жеңісіне қол жеткізді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан жағажай Азиадасында екінші жеңісіне қол жеткізді ©Никита Басов

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан жағажайдағы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандастарымыз бүгін Гонконг құрамасымен кездесті.

Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша ойын тең аяқталды (4:1, 6:2, 2:3, 0:1). Бірақ пенальти сериясында қазақстандықтар 2:1 есебімен басым түсіп, жеңісті суырып алды. Бұған дейін ұлттық құрама Таиландты жеңген болатын.

Айта кетейік, Саньяда су добы бәсекелері айналмалы жүйе бойынша өтуде. Ерлер арасындағы жарысқа алты құрама қатысып жатыр.

Қазақстан келесі матчын 27 сәуірде, Иран құрамасына қарсы өткізеді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!