Бүгін, 22 сәуірде Қазақстан құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында өнер көрсетуін бастады, деп хабарлайды Vesti.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жағажай Азиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы су добынан жарыс жолына шықты.
Алғашқы кездесуде отандастарымыз Таиланд құрамасымен өзара мықтыны анықтады. Негізгі уақыт тең аяқталып, пенальти сериясында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.
Айта кетейік, бүгін жағажайдағы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді. Шара Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Жарнама