Волейбол
Бүгін 12:49
 

Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия ойындарын жеңістен бастады

  Пікірлер

blog.share

Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия ойындарын жеңістен бастады ©ҚР ҰОК

Аичи-Нагоядағы (Жапония) ХХ Азия ойындарында волейболдан әйелдер арасында бәсекелер басталды.

blog.share

Аичи-Нагоядағы (Жапония) ХХ Азия ойындарында волейболдан әйелдер арасында бәсекелер басталды.

Қазақстан әйелдер құрамасы В тобында өнер көрсетуде.

Алғашқы ойында отандастарымыз Филиппин құрамасымен кездесті. Матчтың қорытындысы бойынша қазақстандық волейболшылар 3:1 (27:29, 26:24, 25:23, 25:19) есебімен жеңіске жетті. Осылайша ұлттық құрама бірден ширек финалға шықты.

Ұлттық құрама сапында Айгүл Мүлкібаева, Жанна Сыроешкина, Ирина Кузнецова, Кристина Белова, Маргарита Бельченко, Мадина Бекет, Наталья Хазова, Перизат Нұрбергенова, Полина Уфимцева, Татьяна Никитина, Татьяна Яцкив, Юлия Фоменко ел намысын қорғауда.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 18 қыркүйекте Қытай командасымен кездеседі. Қытайлықтар бұған дейін Филиппин құрамасын 3:0 есебімен жеңген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!