Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатында өнер көрсетеді

© Сурет: olympic.kz

Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) Қазақстан әйелдер құрамасын волейболдан әлемдегі бас турнирге таңдап алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазір Қазақстан құрамасы әлемдік кестеде 23 орында. Ел құрамасы волейболдан әлем чемпионатына қатысу жолдамасын бесінші рет алып отыр. 

Бұған дейін қазақстандық волейболшы қыздар әлем чемпионатына 2006, 2010, 2014 және 2018 жылдары қатысқан. Ең жемісті ойын өрнегін Қазақстан құрамасы 2014 жылғы Италияда өткен біріншілікте, Александр Гутордың жетекшілігімен көрсеткен еді. Сол жылы Гутор шәкірттері әлемдік доданың 1/8 финалына дейін жеткен болатын. 

Айта кетейік, 2022 жылғы әлем біріншілігіне Қазақстан құрамасын Пётр Хилько дайындайды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар