Волейболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы қайтыс болды

Волейболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Наталья  Киржаева қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан волейбол федерациясы әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. 

Наталья 1976 жылы Алматыда дүниеге келген. 

Киржаеваның алғашқы бапкері Эльза Бернгард болған. Оның қоластында жаттыққан Наталья ҚР чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы атанған. Ал 1989 жылы АДК командасы сапында 1976-77 жылы туған қыздар арасында КСРО біріншілігінде 5-орынға ие болған. 

Сондай-ақ, ол әр жылдары Болгария мен Түркияда, Қазақстанда "Астана Қанаты", "Иволга", "Рахат" клубтарында ойнаған.

2009 жылдан бері жаттықтырушылыққа бет бұрған болатын. 

Метки:
Жаңалықтар