Волейболдан Қазақстан-Германия ойынына тікелей трансляция

©ҚВФ

Бүгін, 26 қыркүйекте Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы волейболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында Германия командасына қарсы ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Арнем қаласында өтіп жатқан чемпионаттың бірінші айналымында германиялық волейболшылар Болгарияны 3:1 (25:22, 21:25, 25:23, 25:21) есебімен жеңген еді. Қазақстандық спортшылар АҚШ құрамасынан 0:3 (16:25, 13:25, 22:25) есебімен есе жіберді. 

Германия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 19:30-да басталады. Трансляцияны Qazsport телеарнасынан немесе онлайн мына сілтеме көруге болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар