Сабина Алтынбекова тұрмыс құрғанын жетім балаларды тамақтандырып атап өтті

Сурет: : instagram.com/alibekovkz

Жақында ғана тұрмыс құрған қазақстандық белгілі волейболшы Сабина Алтынбекова ері Саят Салманұлымен Алматы облысындағы №1 Балалар үйінде болып қайтты,-деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның мән-жайы туралы белгілі блогер Бейбіт Әлібеков Instagram желісінде жазды. Ол жас жұбайлардың суретін жариялап, жұп той жасамай, жетімектерді тамақтандырып, қайырымдылық жасаған екен.  

"Жастарға бақыт. Саят пен Сабина тамаша бір үлгі көрсетті. Пандемия кезінде тойды 100-ден аса баланы тамақтандырып, олардың көңілін көтеріп атап өтуге болады. Мықтыларым", - деп жазыпты Әлібеков.

Жаңалықтар