Сабина Алтынбекова Қуат Хамитовтың өзін жар етіп алу ниетіне жауап берді

Сабина Алтынбекова. Сурет: instagram.com/altynbekova_20
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың оны жар еткісі келетіні туралы мәлімдемесіне жауап берді,-  деп хабарлайды Vesti.kz.

Алтынбекова Instagram парақшасындағы стористе Хамитов қатысқан бағдарламаның эфиріне репост жасап, былай деп жазыпты: "Бұл әзілдерің бе?".

Ал кейін парақшасына жазылушылардың файтерге деген көзқарасы жайлы жауап берді. 

"Қуаттың шыншылдығы, тік мінезі мен қазақ батырының мықты рухы үшін әрдайым сыйлап келдім, ары қарай да сыйлаймын. Ол спорттағы жетістіктеріне жетеріне күмәнданбаймын", - деп жазыпты волейболшы қыз. 

Жаңалықтар