Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең сұлу волейболшы атанды

Сурет: https://www.instagram.com/
Танымал италиялық OASport.it басылымы өз оқырмандарына Сәбина Алтынбекованы таныстырды. Отандасымыз жақында "Волалто Казерта" командасына қосылған болатын. 

Қазақстандық волейболшымен келісімшарт жасалғаны туралы материал "Сәбина Алтынбекова Италияда ойнайды! Әлемнің ең сұлу волейболшысы "Казертаға" ауысты деген тақырыппен шыққан. Басылым сондай-ақ волейболшы қыздың әдемі суреттерін де жинаған. 

"Алтынбекова Италия чемпионатында ойнайды. Білмейтіндер үшін, ол әлемнің ең сұлу волейболшысы саналады. Қазақстандық ару келесі маусымда Италияның А1 лигасында ойнайды. Келісімшарт екі жылға жасалған. 

Алтынбековның Instagram парақшасында 1 миллион оқырманы бар. Ол 19 жасқа дейінгі арулар арасындағы Азия біріншілігінен кейін көпшілікке кеңінен танылды. Соңғы маусымда ол "Аль-Васл" командасының намысын қорғады. Әрине, ол жоғары деңгейдегі ойыншы емес. Бірақ, ол "Казретаның" бетке ұстар ойыншысына айналуы мүмкін", - делінген мақалада. 















Метки:
Жаңалықтар