Сабина Алтынбеков карьерасын қай командада жалғастыратыны белігілі болды

Сурет: instagram.com/altynbekova_20/

Қазақстандық волейболшы қыз Сабина Алтынбекова карьерасын қайда жалғастыратыны белгілі болды. Ол БАӘ біріншілігінде өнер көрсететін "Аль-Васл" командасына қайта қосылуы мүмкін. Бұл туралы Liter.kz хабарлап отыр. 

Қазір волейболшы қыз дубайлық команданың қатарына қайта қосылуы үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Айта кетейік, Алтынбекова бұл команда сапында 2019 жылдың желтоқсаны мен 2020 жылдың маусымы арасында ойнаған. Содан соң ол италиялық "Казерта" командасына ауысты. Бірақ қаржылық қиындықтарға байланысты бұл команда сапында бірде-бір ойынға қатыса алмады. Сосын пандемия басталып, ол командасыз қалып кетті. 

Еске салайық, желтоқсан айында Алтынбекова Саят Салманұлына тұрмысқа шықты. Олар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тамақ беріп, тойларын атап өтті. Волейболшы тұрмысқа шыққанына қарамастан сол кезде карьерасын ары қарай жалғастыратынын мәлімдеген болатын. 

 

Метки:
Жаңалықтар