"Уралочка" волейбол командасы калининградтық "Локомотив" клубының бас бапкері Андрей Воронковты Ресей чемпионаты кезіндегі әдепсіз сөзі үшін кешірім сұрауын талап етті. Бұл туралы Lenta.ru порталы хабарлап отыр.
"Уралочка" мен "Локомотив" командалары арасындағы соңғы финалдық ойында калининградтық команда тайм-аут алды. Сол кезде бапкер - "Мұқият бол! Оларды алға жіберіп, ойнауға мүмкіндік беріп жатырмыз. Неге қайта-қайта тосқауылға түсіп қалып жатырсың. Неге қайта анау маймылдың тосқауылына түсудесің?", - деді.
Бапкердің "маймыл" деп меңзегені "Уралочка" командасындағы кубалық Аилама Манталво болып тұр.
Калининградта өткен кездесу 3:2 (25:21, 25:20, 26:28, 20:25, 15:7) есебімен аяқталып, "Локомотив" Ресей чемпионы атанды. Бірақ осы ойыннан кейін халықаралық дау туындап кетті. Себебі, осы ойын Куба елінде де тікелей эфирде көрсетілді.
Айта кетейік, бұл ресейлік бапкерлермен бірінші рет болып жатқан жоқ. 2019 жылы Олимпиаданың іріктеуінде Ресей құрамасы Оңтүстік Кореяны жеңгеннен кейін Серджио Бузато көзін сығырайтқан еді. Содан кейін Халықаралық волейбол федерациясы бапкерді шеттетті. Кейін Бузато кешірім сұрады.