Волейбол
29 мамыр 13:50

Қазақстанның волейбол командасы халықаралық турнир финалына жетті

©Азиялық волейбол қауымдастығы

Филиппин астанасы Манила қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан "AVC шақыру кубогі" турнирінде Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды.

Қазақстандық қыздар жартылай финалда алаң иелері – Филиппин командасымен сынға түсті.

Қазақстан құрамасы қарсыласын 3:0 (25:23, 25:21, 25:14) есебімен ұтты.

Екінші жартылай финалда Вьетнам командасы Австралияны 3:0 (25:21, 25:19, 25:16) жолдан тайдырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport