Волейбол
29 мамыр 13:50
 

Қазақстанның волейбол командасы халықаралық турнир финалына жетті

Қазақстанның волейбол командасы халықаралық турнир финалына жетті ©Азиялық волейбол қауымдастығы

Филиппин астанасы Манила қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан "AVC шақыру кубогі" турнирінде Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды.

blog.share

Филиппин астанасы Манила қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан "AVC шақыру кубогі" турнирінде Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды.

Қазақстандық қыздар жартылай финалда алаң иелері – Филиппин командасымен сынға түсті.

Қазақстан құрамасы қарсыласын 3:0 (25:23, 25:21, 25:14) есебімен ұтты.

Екінші жартылай финалда Вьетнам командасы Австралияны 3:0 (25:21, 25:19, 25:16) жолдан тайдырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!