"Алматы" волейбол командасы мен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Кристина Карапетян карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады. Мұндай мәлімдемені ол Instagram парақшасында жасады.
28 жастағы спортшының айтуынша, ол карьерасын кезекті жарақатынан кейін аяқтапты.
Жалпы карьерасында Карапетян ресейлік "Забайкалка" және "Енисей" командаларында, қазақстандық "Иртыш-Казхром" мен "Жетісу" ұжымдарында ойнаған. Ал 2017 бастап ол Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғаған.
Волейбол
24 қараша 2020 17:01
Қазақстанның ең сұлу волейболшыларының бірі карьерасын аяқтады
Сурет: instagram.com/krisik___karapetyan/