Қазақстандық команда волейболдан Азия чемпионатында үшінші орын алды

©olympic.kz

Алматылық "Буревестник"  воллейболдан ерлер арасында Азия чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Накхонратчасим (Тайланд) қаласында өтіп жатқан турнирде Қазақстанның чемпионы үшінші орынға таласта тайландтық "Накхон Ратчасим" командасын 3:0 (25:23, 25:17, 25:21) есебімен жеңді.  

Топтық кезеңде А тобында бірінші орын алған "Буревестник" бұл ұжыммен екінші рет кездесті. Топтық кезеңде біздің жігіттер бұл ұжымды 3:0 есебімен жеңген. Ал жартылай финалда алматылық ұжым катарлық "Аль-Арабиден" 2:3 есебімен ұтылды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар