Алматылық "Буревестник" воллейболдан ерлер арасында Азия чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Накхонратчасим (Тайланд) қаласында өтіп жатқан турнирде Қазақстанның чемпионы үшінші орынға таласта тайландтық "Накхон Ратчасим" командасын 3:0 (25:23, 25:17, 25:21) есебімен жеңді.
Топтық кезеңде А тобында бірінші орын алған "Буревестник" бұл ұжыммен екінші рет кездесті. Топтық кезеңде біздің жігіттер бұл ұжымды 3:0 есебімен жеңген. Ал жартылай финалда алматылық ұжым катарлық "Аль-Арабиден" 2:3 есебімен ұтылды.