"Қазақстандық өте көркем волейболшы қыздарды айтқанда көбі Сабина Алтынбекованы есіне алады. Бірнеше жыл бұрын сұлулығымен ғаламторды дүрліктірдгендіктен бұл таңданарлық та емес, бірақ, Қазақстанда жалғыз Сабина емес. Сұлулығы одан еш кем түспейтін Кристина Карапетян бар.
Индонезиялық жанкүйерлер Кристинаны Джакартада өткен 2018 жылғы Азиядадан кейін тани бастады. Ол кезде көпшілік Сабинаның келуін күтті, дегенмен, ол Ойынға келетін құрамаға ілікпеді, бірақ, біз Кристинаны көре алдық - ол бірден көзге түсті. Сұлулығы мен шыныққан мүсіні көбін таңдандырды.
Денесіндегі Феникс құсының татуировкасы оны ерекшелендіре түседі. Тату үлкен болғандықтан ойын кезінде де байқалып тұрады. Оның үстіне Кристина шабуылдағы ойыншы", - делінген мақалада.