1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Волейбол
Кеше 08:51
 

Қазақстан волейболдан AVC Ұлттар кубогында топта көш бастады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан волейболдан AVC Ұлттар кубогында топта көш бастады ©ҚР ҰОК

Филиппиннің Кандон қаласында осы күндері әйелдер арасында AVC Women’s Nations Cup волейбол турнирі өтіп жатыр.

blog.share

Филиппиннің Кандон қаласында осы күндері әйелдер арасында AVC Women’s Nations Cup волейбол турнирі өтіп жатыр.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі үшінші матчын Иран құрамасына қарсы өткізді.

Кездесу отандастарымыздың 3:1 есебімен (13:25, 25:20, 25:14, 25:18) жеңісімен аяқталды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Гонконгты (3:1) және Индонезияны (3:0) жеңген болатын. Тоғыз ұпай жинаған біздің құрама В тобында бірінші орынға көтерілді.

Қалған матчтарда қазақстандық волейболшылар Ливан және Вьетнам құрамаларымен кездеседі.

Айта кетейік, А тобында Филиппин, Қытай Тайбэйі, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Өзбекстан және Аустралия құрамалары өнер көрсетуде.

Топтық кезең қорытындысы бойынша әр топтан үздік екі команда жартылай финалға жолдама алады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!