Қазақстан құрамасы волейболдан халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Сурет: Оlympic.kz

Өзбекстанның Ферғана қаласында волейболдан орталық Азия елдері арасындағы халықаралық турнир аяқталды. Аталған сынға Қазақстан командасы да қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz

Турнирге жалпы есебі төрт команда қатысты. Алтын жүлдені қазақстандықтар иеленсе, күмісті Қырғызстан еншіледі. 

Қола жүлде Өзбекстанда, ал тәжікстандықтар төртінші орында қалды.

Сонымен қоса, бұл жарыста Қазақстан командасының ойыншысы Бөкен Ерікжан либеро позициясындағы ең үздік ойыншы ретінде жеке марапатталды. 

 

  

Еске салайық, Қазақстан құрамасы алда ерлер арасындағы волейболдан Азия чемпионатына қатысады. Бұл жарыс Жапонияда 12 мен 19 қыркүйек аралығы өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар