Волейбол
Бүгін 17:23

Қазақстан жағажайдағы волейболдан Азия чемпионатында жарысты бастады

©ҚР ҰОК

Қытайдың Шанло қаласында жағажайдаңы волейболдан Азия чемпионаты басталды.

Аталған байрақты додада төрт қазақстандық жұп өнер көрсетеді.

Ерлер арасындағы бәсекеде Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад, сонымен қатар, Сергей Богату мен Кирилл Гурин сынға түседі.

Әйелдер арасында Кристина Каримова және Екатерина Рюхова, сондай-ақ, Мерей Қожахмет пен Лаура Қабылбекова бақ сынайды.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 6 қыркүйекке дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport