Қытайдың Шанло қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионатының топтық кезеңі аяқталды.
Ерлер арасында Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад топтық кезеңнің қорытындысы бойынша бірден 1/8 финалға жолдама алды. Бұл кезеңде қазақстандықтар Томас Ходжес пен Закери Худ бастаған аустралиялық жұппен кездеседі.
Сергей Богату мен Кирилл Гурин жарысты қосымша кезеңнен бастады. Қазақстандық жұп Қатар өкілдері Муса Алькира мен Мухамед Ихабты 2:0 (21:16, 21:15) есебімен жеңіп, 1/8 финалға өтті.
Богату мен Гуриннің келесі қарсыластары Қатар өкілдері Шериф Юнус пен Ахмед Тиджан болады.
Әйелдер арасында қосымша кезеңде Қазақстанның екі жұбы өзара кездесті. Лаура Қабылбекова мен Мерей Қожахмет Кристина Каримова мен Екатерина Рюхованы 2:0 (21:18, 21:15) есебімен жеңді.
1/8 финалда Қабылбекова мен Қожахмет қытайлық Ян Сюй/Ся Синьи жұбымен ойнайды.
Айта кетейік, 1/8 финал ойындары 4 қыркүйекте өтеді.