Ауғанстанда билікке келген жаңа өкілдер жас волейболшыны азаптап өлтірген, деп жазады Vesti.kz тілшісі Халықаралық волейбол федерациясына (FIVB) сілтеме жасап.
Волейболдан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Маджабин Хакими жаңа биліктің әйелдер спортына қатысты пікірімен келіспегені үшін көпшілік көзінше азаптап өлтірілген. Persian Independent басылымына берген сұхбатында Хакимидің бапкері спортшыны қазан айының басында өлтіргенін айтты. Билік өкілдері Хакимидің отбасына бұл туралы ешкімге тіс жармауын ескертіп қоқан-лоқы көрсеткен.
Осыған байланысты Халықаралық волейбол федерациясы Ауғанстандағы волейболшылардың тағдырына алаңдаулы. Ал Италияда келесі турдан бастап барлық волейбол ойындары бір минуттық үнсіздікпен басталады.