Волейбол
22 қазан 2021 21:25
 

Ауғанстанда жаңа билік өкілдері жас волейболшыны азаптап өлтірген

  Пікірлер

blog.share

Ауғанстанда жаңа билік өкілдері жас волейболшыны азаптап өлтірген ©twitter

Ауғанстанда билікке келген жаңа өкілдер жас волейболшыны азаптап өлтірген, деп жазады Vesti.kz тілшісі Халықаралық волейбол федерациясына (FIVB) сілтеме жасап.

blog.share

Ауғанстанда билікке келген жаңа өкілдер жас волейболшыны азаптап өлтірген, деп жазады Vesti.kz тілшісі Халықаралық волейбол федерациясына (FIVB) сілтеме жасап.

Волейболдан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Маджабин Хакими жаңа биліктің әйелдер спортына қатысты пікірімен келіспегені үшін көпшілік көзінше азаптап өлтірілген. Persian Independent басылымына берген сұхбатында Хакимидің бапкері спортшыны қазан айының басында өлтіргенін айтты. Билік өкілдері Хакимидің отбасына бұл туралы ешкімге тіс жармауын ескертіп қоқан-лоқы көрсеткен.

Осыған байланысты Халықаралық волейбол федерациясы Ауғанстандағы волейболшылардың тағдырына алаңдаулы. Ал Италияда келесі турдан бастап барлық волейбол ойындары бір минуттық үнсіздікпен басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!