Әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен. Сабина Алтынбекова "Жылдың ең сұлу келбеті" атағына ұсынылды

Сурет: instagram.com/altynbekova_20/

Қазақстандық белгілі волейболшы Сабина Алтынбекова The 100 Most Beautiful Faces of 2021 - "2021 жылдың ең сұлу 100 келбеті" номинанттарының тізімінде, деп хабарлайды Vesti.kz

Рейтингті жыл сайын TC Candler ойын-сауық сайты құрады. Бұл жолы Сабинамен қатар үміткерлер арасында Марго Роби, Киану Ривз, Криштиану Роналду, Дэвид Бекхэм және өзге де көптеген кино мен спорт жұлдыздары бар. 

"Сабина Алтынбекова "2021 жылдың келбетіне" ұсынылды. Құттықтаймыз! Қолдау үшін лайк қойып, пікір жазыңыздар", - делінген TC Candler порталының Instagram парақшасында.

Жаңалықтар