"Әлемдегі ең сұлу қыздардың бірі". Италиялық клубтың Сабина Алтынбекованы таныстыруы

Италиялық "Волалто Казерта" клубы өзінің ресми сайтында қазақстандық Сабина Алтынбекованы таныстырды.

Алтынбекованың Италияда өнер көрсететіні кеше, 4 шілдеде белгілі болды. Спортшымен екі жылдық келісімшарт жасалды.

"Волалто Казерта" Алтынбекова клубқа имидж жасап, оның брендін нығайта түседі деп үміттенуде. Өткен маусымда команда А1 сериясында соңғы 14-ші орында болды, дегенмен, пандемияға байланысты жоғары лигадағы орнында қалып қойған. 

Жаңа ойыншыны таныстыруда "Волалто Казерта" екі қате жіберді - Алтынбекованы Қазақстан құрамасының көшбасшысы атағаны және карьерасын алғаш рет шетелде жалғастырады дегені. 2019 жылы шілдеде ұлттық құраманың бапкері Нижат Санчак Алтынбекова құрамаға алынуы мүмкін кандидаттардың бірі ғана деп айтқан. 

"Волалтоның" үлкен трансфері"! Сабина Алтынбекова, Қазақстан құрамасының ойыншысы және ел маржаны, Мисс волейбол, 1 миллион жазылушысы бар және YouTube-те 4 миллион рет қаралған, ол екі жыл 20 нөмірлі футболканы киіп, "Волалто Казертаның" әлемдегі имиджіне жауапты болады.

"Волалто" бұл трансферді басқарушы директор Розалия Санторо келіссөздері арқылы жүзеге асыра алды. Шынына келгенде Сабина талантты ойыншы және Қазақстан құрамасындағы көшбасшылардың бірі ғана емес, әлемдегі ең сұлу қыздардың бірі. Сұлулық, күш және сүйкімділік - қош келдің, Сабина!", - делінген клуб мәлімдемесінде. 
Жаңалықтар