260 миллион еуроға арыз. Италиялық клуб Сабина Алтынбековамен амалсыздан қоштасқан

Италиялық "Волалта Казерта" Сабина Алтынбекованы заңгерлік қиындықтарға байланысты командаға ала алмайтын болған екен.

Елдің волейбол федерациясы (FIPAV) клубқа Италияның ең жоғары лигасы - А1 сериясына ойнауға рұқсат бермеген. Осыдан кейін "Казерта" команданы тарататып, жобаны жабатынын, FIPAV пен Әйелдердің кәсіпқой лигасы қатарынан шығатыны туралы хабарлады. Федерация бұл шешімге төленбеген айыппұл себеп болғанын айтты, алайда, команда ешқандай қарызы жоғын мәлімдеді. 

Ендігіде клуб басшылығы сотқа жүгінбек. Осылайша, "Казерта" FIPAV-тан 50 миллион еуро, лигадан 30 миллион, еуропалық және италялық нарықтан ойыншы алғызбай қойған Еуропалық конфедерациядан (EVB) 80 миллион және Халықаралық федерациядан 100 миллион өтемақы талап етіп сотқа арыз берді.  

Шағымның жалпы соммасы 260 миллион еуро. "Волалто" шығыны 30 миллион еуро деп есептеліп отыр.
Жаңалықтар