auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Универсиаданы әлемнің 80 елінде 1 миллиард телекөрермен тамашалаған

Универсиада-2017-ге барлығы 57 елден 1 632 спортшы қатысты, 3 000-нан астам ерікті үлес қосты.

Универсиаданы әлемнің 80 елінде 1 миллиард телекөрермен тамашалаған
Универсиаданы әлемнің 80 елінде 1 миллиард телекөрермен тамашалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Алматыда өткен 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017 қорытындылары туралы премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы баяндады.

Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, Универсиада-2017-ге барлығы 57 елден 1 632 спортшы қатысты, 3 000-нан астам ерікті үлес қосты. Универсиаданың барлық іс-шараларына қатынасуға 230 мыңнан астам билет сатылды.

Универсиада-2017 көрсетілімі EUROSPORT 1 және 2, CBS (АҚШ), CCTV (Қытай), KBS (Оңтүстік Корея), Матч-ТВ (Ресей), Eurosport Asia-Pacific (Австралия және Океания) арналарынан 80 елде 1 миллиард телекөрермендік аудиторияға көрсетілді.

2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиада сайыстары 8 спорттық нысанда спорттың он екі түрі бойынша өтті, олардың үшеуі - "Алматы арена", "Халық арена" және "Атлетикалық ауыл" Универсиадаға арнап салынды.

Қазақстандық студенттер құрамасынан 12 спорт түріне 171 спортшы қатысты. Медальдардың рекордтық санына – 36 (11 алтын, 8 күміс және 17  қола) ие болды және жалпы командалық есептің қорытындысы бойынша Қазақстан 2-ші орын алды.

Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы 5 медаль иеленген шаңғышы Анна Шевченконы, биатлоншы Галина Вишневскаяны - 4 медаль, және еліміздің қоржынына алтын медаль салған басқа да спортшыларды ерекше атап өтті. 

"Біздің спортшыларымыздың жеңісі барлық спорт жұртшылығын дүр сілкіндірді және бүкіл әлемдегі спортсүйер қауымды бейжай қалдырған жоқ. Сонымен бірге, Универсиададағы спорттық жеңістер еліміздің жоғары экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуының дәлелі болып табылады", - деп түйіндеді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар