auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Универсиадаға қосымша билеттер сатылымға шықты

Универсиадаға қосымша билеттер сатылымға шықты
© Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда өтіп жатқан Универсиада-2017 сайыстарына қосымша билеттер сатылымға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі қала басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған көреремендер қызығушылығының артуы себеп болыпты. FISU жетекшілігі ұйым атына тіркелген орындардың көбін көреремендерге беретін болып шешті.

Мұның алдында хаттама бойынша трибуналардағы орындардың бір бөлігі FISU мен ресми делегациялар  өкілдеріне, сондай-ақ спортшылар мен БАҚ өкілдеріне бөлінген болатын. Бұл сатылымға жатпайтын квоталар жалпы орындардың 30 пайызын құрайды. Қазіргі кезде FISU ұйымы осы квоталық орындардың 90 пайызын еркін сатылымға шығару туралы келісім берді.

Мәнерлеп сырғанау мен хоккей сияқты қызықты спорт түрлеріне билет сату бүгіннен басталады. Билеттерді онлайн және офлайн сатып алуға болады.

Билеттер алыпсатарлардың қолына түспес үшін бір адамға 5-8 билетке дейін ғана сатылады.

Бүгіннен бастап кез келген жарыс түріне билеттер туралы ақпарат Универсиада сайтының басты бетінде жарияланатын болады.

Қазіргі кезде Универсиадаға 184 мың билет сатылған (жалпы мөлшердің 80 пайызы) - бұл Қазақстанда өткен қандайда бір шараға сатылған билеттер бойынша рекорд көрсеткіш. Оның үстіне жарыс басталар алдында сұраныс тіптен артып кетеді. Мысалы, Универсиаданың ашылу салтанатынан кейін бірден 30 мың билет сатылған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
30 наурыз 2017, 18:28
Универсиада
Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі

Жарнама

Жарнама