Универсиада
17 қаңтар 2017 11:01
 

Универсиадаға қатысатын қазақстандық 10 мықты спортшы

  Пікірлер

blog.share

Универсиадаға қатысатын қазақстандық 10 мықты спортшы

Қысқы Универсиаданың басталуына аз ғана уақыт қалды. Жақында Алматыға әлемнің түкпір-түкпірінен спорттың 12 түрінен медальға таласуға мыңдаған студент келеді. Vesti.kz спорт басылымы түрлі спорт түрінен қатысатын Қазақстан құрамасының 10 мықты спортшысымен таныстырады.

blog.share

Қысқы Универсиаданың басталуына аз ғана уақыт қалды. Жақында Алматыға әлемнің түкпір-түкпірінен спорттың 12 түрінен медальға таласуға мыңдаған студент келеді. Vesti.kz спорт басылымы түрлі спорт түрінен қатысатын Қазақстан құрамасының 10 мықты спортшысымен таныстырады.

Денис Тен - мәнерлеп сырғанау

Сочиде өткен Олимпиада ойындарында Денис Тен Қазақстан тарихында қола медаль жеңіп алған алғашқы спортшы болды. Сонымен қатар, Денис Тен 2013 жылы өткен әлем чемпионатында - күміс жүлде, 2015 жылы өткен әлем чемпионатында - қола жүлде, 2015 жылы Құрлықаралық чемпионатта жеңіске жетіп, 2011 жылы өткен Азия ойындарында чемпион атанды. Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен әлемдік рейтингте 7-орында тұр.

Абзал Әжғалиев - шорт-трек

Абзал Әжғалиев шорт-тректен өткен әлем Кубогында Қазақстан тарихында тұңғыш рет алтын медаль иеленді. Сонымен қатар, ол 2011 жылғы қысқы Азия ойындарындағы эстафетада қола жүлдеге ие болды.

Екатерина Айдова - конькимен жүгіру спорты

Қарағандылық спортшы қыз 2011 жылы және 2014 жылы өткен Олимпиада ойындарына қатысты. Екатерина Айдова 2010 жылы алтын медаль иеленсе, 2011 жылы күміс медаль алған. Сондай-ақ, спортшы қыз 500, 1 000 және 1 500 метр қашықтықта жүгіруден рекорд орнатқан.

Роман Креч - конькимен жүгіру спорты

Петропавлдық спортшы соңғы өткен екі Олимпиада ойындарына қатысқан. Сонымен қатар, Роман Креч жас спортшылардың арасында өткен әлем чемпионатында күміс және қола медальдарды жеңіп алған.

Галина Вишневская - биатлон

2012 жылы жастар арасында өткен Олимпиадада Вишневская күміс медаль жеңіп алса, 7,5 шақырым қашықтықта өткен жарыстан қола жүлдегер атанды. Биыл Вишневская әлем Кубогында жақсы нәтиже көрсетіп, масс-стартта 4-орынға ілікті.

Василий Подкорытов - биатлон

Василий Подкорытов 2014 жылы өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері. Биыл ол Универсиадамен қатар, әлем Кубогының кезеңдеріне қатысып жатыр. Сонымен қатар, спортшы Азиада мен әлем чемпионатында Қазақстан атынан қатысады.

Дмитрий Рейхард - фристайл

Дмитрий Рейхард 2008 жылы әлем Кубогында алғаш рет жеңіске жеткен. Осы айда спортшы АҚШ-та өтетін жарысқа қатыспақ. Айта кетейік, Дмитрий Рейхард Сочиде өткен Олимпиада ойындарында мықты бес спортшының қатарына кірген.

Юлия Галышева - фристайл

Юлия Галышева жастар арасында өткен әлем чемпионатында екі рет жеңіске жетіп, ересектер арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдешер атанған. Ал 2011 жылы өткен Азиадада спорттың екі түрінен жеңімпаз атанған.

Павел Полуэктов - шайбалы хоккей

"Торпедо" хоккей клубының қақпашысы. Қазақстанның жастар құрамасында күміс медальдар иеленіп, үздік қақпашы атанған. Павел Полуэктов ұлттық құраманың сегіз матч өткізген. Құрлық хоккейі лигасының чемпионатына қатысқан.

Ғалия Нұрғалиева - шайбалы хоккей

Ғалия Нұрғалиева - "Айсұлу" хоккей клубының үздік ойыншысы, Қазақстан чемпионатында бірнеше рет жеңіске жеткен. Нұрғалива 2015 жылы өткен Универсиадада 6-орынды иеленген. Сондай-ақ, спортшы қыз 2018 жылы өтетін Олимпиаданың қорытынды іріктеу кезеңінде (Ұлыбританиямен өткен матчта) үздік ойыншы атанды.

Еске сала кетейік, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Қысқы универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Универсиада өткізілетін уақытта 3 мың ерікті, оның ішінде шетелдік еріктілер атсалысады. Студенттер арасындағы спорт ойындарына 30 мыңға жуық отандық және шетелдік турист келеді деп күтілуде. Сайыстарды әлемнің 80 еліндегі 1 миллиард адам теледидар арқылы тамашаламақ.

 

Жарнама

Живи спортом!