auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Универсиада ойындарында қазақстандық спортшылар арасында ең көп сыйақыны кім алады?

Жалпы қазақстандық спортшылар мен бапкерлерге 458 миллион 200 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі.

Универсиада ойындарында қазақстандық спортшылар арасында ең көп сыйақыны кім алады?
©almaty2017.com
Vesti.kz тілшісі Алматыда өткен 28-ші қысқы Универсиада ойындарында бақ сынаған қазақстандық спортшылардың арасынан кімнің ең көп табысқа кенелгенін анықтап көрді. 

Студенттер арасындағы бәсекенің басталар алдында Қазақстанның спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Универсиадада топ жарған спортшылар 4,9 миллион, күміс жүлдегерлер 3,3 миллион, ал қола жүлдеге қол жеткізген спортшылар 1,6 миллион теңге көлемінде сыйақы алатынын айтты. Одан бөлек, спортшылары жүлдегерлер қатарына іліккен бапкерлер де құр қол қалмайтынын жеткізген. 

Жалпы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы 36 жүлде: 11 алтын, 8 күміс және 17 қола жүлде жеңіп алды. Сөйтіп командалық есепте тек Ресейді алға жіберіп, екінші орынға тұрақтады. 

Алтын медаль жеңіп алған спортшылар үшін 63 миллион 700 мың теңге, күміс медаль алған спортшылар үшін 125 миллион 400 мың теңге, қола жүлдегерлер үшін 40 миллион теңге мемлекет қазынасынан бөлінетін болады. Яғни, спортшылар үшін 229 миллион 100 мың теңге төленеді. Дәл осындай көлемде спортшылардың жаттықтырушылары да сыйақы алады. Барлығын қоса есептегенде мемлекет тарапынан сыйақыға 458 миллион 200 мың теңге бөлінетін болады.



Универсиада ойындарында қазақстандық спортшылар арасында ең көп сыйақыны Галина Вишневская алады. Бұл спортшының Универсиада ойындарындағы сыйақысы (екі алтын, екі күміс) 16 миллион 400 мың теңгеге тең келеді. 



Сыйақы мөлшері бойынша екінші орында Анна Шевшенко. Ол 13 миллион алады. Шаңғышымыз бәсеке барысында төрт жүлде: алтын, күміс және екі қола жеңіп алды. 



Фристайлшы Дмитрий Рейхард пен Юлия Галышевалардың  сыйақысы 9 миллион 800 мың теңге. Бұл екі спортшы Универсиадада екі алтын жеңді. 






Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар