Универсиада-2023: Қазақстан хоккейшілері үшінші ойында қарсыластарын ойсырата ұтты

©massaget.kz

Студенттерден құралған Қазақстан хоккей құрамасы Лейк-Плэсиде (АҚШ) өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Ұлыбританияны 15:1 есебімен ұтты.

Ғалым Мәмбеталиев жаттықтыратын қазақстандық хоккейшілер бірінші кезеңнің өзінде-ақ 6 шайба соғып үлгерді. Екінші кезеңде қарсылас қақпасына 7 шайба енгізді. Үшінші кезеңді тағы 2 шайба соғып аяқтады. Осылайша, отандастарымыз Универсиада ойындарындағы ірі жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстан құрамасы осыған дейін Оңтүстік Кореяны 5:1, Венгрияны 9:1 есебімен ұтқан еді. Келесі ойынын 17 қаңтар күні Словакияға, 18 қаңтарда АҚШ құрамасына қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар