auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Наиль Нұров Қазақ спорт және туризм академиясында Алматыдағы Универсиаданы қорытындылады

Наиль Нұров Қазақ спорт және туризм академиясында Алматыдағы Универсиаданы қорытындылады

Наиль Нұров Қазақ спорт және туризм академиясында Алматыдағы Универсиаданы қорытындылады
Алматыда өткен Бүкіләлемдік Қысқы Универсиаданы өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров Қазақ спорт және туризм академиясында маңызды спорт шарасының өту барысын баяндап, қорытынды шығарды.

Жиында 28 қаңтар мен 5 ақпан аралығында өткен Алматыдағы Бүкіләлемдік студенттік ойындарда Қазақстан құрамасы мықты көрсеткішке ие болғандығын айтып өтіп, мемлекетіміз жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленіп, 36 медальді (11 алтын, 8 күміс және 17 қола) қанжығасына байлағанын еске салды. Қазақстан құрамасының қоржынына Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері  7 алтын, 6 күміс және 11 қола медаль алып келгенін де тілге тиек етті.

Еске сала кететін болсақ, Алматыда өткен Универсиада үлкен спорттық мұра қалдырды. Шаһарымызда 2 үлкен көпфункционалды спорттық кешен 12 мың адамға арналған «Алматы арена» және 3 мың адамға шақталып «Халық арена» салынды. Онымен қоса спортшыларға арналған атлетикалық ауыл да тұрғызылған  болатын. Ойын аяқталғаннан кейін, Атлетикалық ауылдағы үйлердің 5 мыңнан астам пәтерлері Алматыда үй алуға кезекте тұрған адамдардың арасында таратылып берілді. Қазіргі таңда жоғарыда айтылған спорт кешенінде барлық алматылықтар мен қала қонақтарының спортпен айналысуға мүмкіндіктері бар. Атап айтар болсақ, бокс, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, керлинг және түрлі жекпе-жек түрлерімен шұғылдана алады.

Жиынға жиналғандардың көп бөлігін қызықтырған сұрақ – Қазақстан жақын арада Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үмітті бола алады ма? Сөз сөйлеу барысында Нұров мырза бұл сұрақтың анық жауабын берді. Алматы  Олимпиада ойындарының астанасы мәртебесіне толықтай лайық және спорттық инфрақұрылымның даму көрсеткіші бойынша ойында өткізуге дайын екеніндігін айтты.

Жиылған қауымның алдында Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті, Қазақстан Республикасының студенттік спорт федерациясының басшысы Қайрат Закирьянов сөз сөйледі. Ол Универсиаданы Алматыда өткізу кезіндегі біршама қиындықтарды, сонымен қатар елімізде өткен бұл шара  Универсиада тарихында ең жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған шара екенін айтып өтті.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар