auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қыздар университетінің студенттері Универсиада жеңімпаздары атанды

Университет командасы бірнеше спорт түрінен басым болды.

Қыздар университетінің студенттері Универсиада жеңімпаздары атанды
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері Х  Бүкілқазақстандық Универсиада ойындарында бірнеше спорт түрі бойынша жеңімпаз атанды. Бұл туралы оқу орнының Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады. 

Атап айтқанда, гандболдан қыздар командасы Универсиада ойындарында қола медальға ие болды. 

Ақтөбедегі "Мұз айдыны" спорт кешенінде өткен жарысқа 8 команда қатысты. Бір апталық сайыста Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті және М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының спортшылары жолдама алды. 

"Жарыс біздің құрама үшін өте сәтті болды. Қыздарымыз шаршы алаңда үздік ойын өрнегін көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды. Десе де қарсыластарымыздан аздаған ұпай көрсеткішімен есе жіберіп, үшінші орынды қанжығамызға байладық", - деп атап өтті команда жаттықтырушысы, Қыздар университетінің Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Олег Рукасов.

Сонымен қатар Универсиада ойындарында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерінен құралған команда баскетбол бойынша екінші орынға ие болды.

Финалда арулар ордасының баскетболшылары Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің құрамасына есе жіберді.

Сондай-ақ, сайыста Қыздар университетінің студенттерінен құралған команда үстел теннисі бойынша екінші орынға ие болды. Ал жекелей сында Педагогика және психология факультетінің 2-курс студенті Медиана Қалықбай үздік деп танылды.

Жарысқа 17 жоғары оқу орнының студенттерінен құралған командалар қатысты. Ойын нәтижесі бойынша Қыздар университетінің құрамасы үздік төрттікке енді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар