Қазақстандық гимнаст Универсиадада үш бірдей жүлде жеңіп алды

©ҰОК, Владислав Семенов

Қытайда өтіп жатқан Универсиадада қазақстандық гимнастшы Милад Карими ел қоржынына алтын медаль сыйлады,  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол кермедегі жаттығу финалында 14.800 ұпай жинап, Универсиада чемпионы атанды. Үздік үштікке Қытай және Жапония спортшылары жайғасты.

Бұл - Милад Каримидің ХХХІ жазғы Универсиададағы 3-медалі. Бұған дейін ол еркін жаттығу бойынша екінші орын және тіреп секіруден қола медаль иесі атанған еді.

 
 
 


 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар