Қазақстан қысқы Универсиадада нешінші болды?

©instagram.com/lakeplacid2023

Лейк-Плэсидегі (АҚШ) қысқы Универсиада ойындары аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы 11 медальмен жалпыкомандалық есепте 11-орынға тұрақтады.

Қазақстандық спортшылар 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль еншіледі.

Жалпыкомандалық есепте Жапония құрамасы көш бастады. Барлығы 48 медаль (21-17-10) ұтып, үздік шықты. Оңтүстік Корея 29 медальмен (12-8-9) екінші орынды алса, үштікті Канада спортшылары 13 медальмен (6-1-6) қорытындылады.

 

Қазақстан құрамасы сапында биатлоншылар Бекентай Тұрлыбеков пен Вадим Куралес, шаңғымен тұғырдан секіру спорты бойынша Данил Васильев алтын алды. Күмісті биатлоншы Александр Мухин, командалық сайыста тұғырдан секіру спорты бойынша Данил Васильев пен Сергей Ткаченко, шорт-тректен командалық аралас жарыс бойынша (Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжіғалиева, Әлішер Абулкатимов, Әділ Ғалиахметов және Еркебұлан Шамұханов) және ерлер құрамасы (Санжар Жанысов, Антон Хван, Әлішер Абулкатимов, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов және Валерий Клименко) еншіледі. Биатлоншы Александр Мухин, шаңғышы Ксения Шалыгина, шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы (Айша Ракишева, Надежда Степашкина және Ксения Шалыгина) және хоккейден ұлттық құрама қола жүлдеге қол жеткізді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар