Қазақстан Чэнду қаласында (Қытай) өтіп жатқан 2023 жылғы жазғы Универсиадада бесінші жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Он метрден мылтықпен оқ ату түріндегі командалық жарыста Константин Малиновский, Ислам Сатпаев және Никита Шахторин қола жүлде иеленді. Олар Үндістан мен Қытай командаларына жол беріп қойды.
Бұл қазақстандықтардың екінші командалық жүлдесі, бұған дейін 50 метр қашықтықтан үш позициядан мылтықпен атуда спортшыларымыз 3507 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Бірінші орынды Қытай құрамасы (3529 ұпай), үшінші орынды Үндістан өкілдері (3502 ұпай) иеленді.
Жалпы Қазақстан құрамасының қоржынында қазір екі күміс пен үш қола бар.