Универсиада
31 қаңтар 2017 11:54
 
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Универсиаданың сайыстары кейінге шегерілді

  Пікірлер

blog.share

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Универсиаданың сайыстары кейінге шегерілді ©almaty2017.com

Алматыда Универсиаданың бірнеше спорт нысанындағы жарыстар ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Шымбұлақ" тау шаңғысы кешені тасжолындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты тау шаңғысы жарысына кіретін әйелдер арасындағы супергиганттан бәсекелер кейінге қалып отыр. Сонымен қатар, "Сұңқар" трамплиндер кешенінде өтіп жатқан шаңғы қоссайысы бағдарламасындағы трамплиннен секіру сайыстары кейінге қалды. "Сұңқар" шаңғы-биатлон кешеніндегі биатлоннан және шаңғы жарыстары кестесі өзгеруі мүмкін.

Айта кетейік, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК дауылды алдын ала ескертуі негізінде қар көшкіні жүретінін ескертіп отыр. "Іле Алатауында қатты жауын-шашынның әсерінен және қар жамылғысының биік болуынан 31 қаңтар - 1 ақпан аралығында қар көшкіні күтілуде. Таулардың қарлы тік беткейлеріне шықпауды ұсынамыз", - дейді ведомстводағылар.

Еске салайық, синоптиктер Қазақстанда 2017 жылдың 31 қаңтар мен 2 ақпан күндері аралығында ауа райының қандай болатынын айтқан болатын.

Жарнама

Живи спортом!