Универсиада
17 сәуір 2017 17:37
 
Алматыдағы Универсиада ойындары допингсіз өтті

  Пікірлер

blog.share

Алматыдағы Универсиада ойындары допингсіз өтті ©BNews.kz

Биылғы жылдың басты додаларының бірі атанған Алматыда өткен қысқы Универсиада 2017 ойындары допингісіз таза және әділ өткені белгілі болды. Бұл туралы Халықаралық Студенттік спорт федерациясы (FISU) ресми мәлімдеді.

Универсиада ойындары үстіміздегі жылы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтті. Оған 57 елден 1621 спортшы қатысқан болатын. Зертханаға жалпы саны 216 спортшының сынамалары жіберілген. Аустралиядан тексерілген сынамалардың барлығы да таза екені дәлелденген.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы ХХVIII қысқы Универсиада Қазақстандық спортшылар 11 алтын, 8 күміс, 17 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Ал Ресей құрамасы бірінші орынды иеленді. Олар барлығы 71 медаль (29 алтын, 27 күміс, 15 қола) жеңіп алды. Үшінші орынды 11 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль еншілеген Оңтүстік Корея елінің спортшылары қанжығасына байлады.

Жарнама

Живи спортом!