Универсиада
2 ақпан 2017 16:06
 
Алматыда дүниежүзілік FISU конференциясы өтеді

  Пікірлер

blog.share

Алматыда дүниежүзілік FISU конференциясы өтеді ©ikf.org

Дүниежүзлік қысқы Универсиада қарсаңында Универсиада бағдарламасының ресми бөлігі болып саналатын Дүниежүзлік қысқы FISU конференциясы 2017 жылдың 3-4 ақпан аралығында өтеді. Аталған Конференция  спорт қайраткерлері мен ғалымдарының спорт саласындағы жетістіктерімен, білімдерімен және идеяларымен алмасудың бірден-бір мүмкіндігі болып табылады.

Конференцияның басты мақсаты - Ғалымдар мен мамандарды бұқаралық студенттік спорттың ғылыми-практикалық проблемаларын шешуде бір жүйеге шоғырландыру.

Конференция аясында "Университеттік спорт – Универсиаданың спорттық жетістіктеріне жету және денсаулықты нығайту жолы", "Спорттағы допинг проблемасы және антидопингтік технологиялар", "Бұқаралық дене шынықтыру және спорт жүйесіндегі сауықтыру және спорттық технологиялар" сынды тақырыптар талқыланады. 

Конференцияда спорт саласындағы, оның ішінде студенттік спорттағы соңғы ғылыми жетістіктер ұсынылады; жас ұрпақтың денсаулығын нығайтудың және сақтаудың жаңа технологяилары, спорттың заманауи проблемалары талқыланады және оларды шешу жолдарын іздеу қарастырылады.

Конференцияға  ұлттық студенттік федерация президенттері, университет ректорлары, алдыңғы қатарлы ғалымдар және әлемдік қоғамдастық елдерінің мамандары қатысады. Қатысушылардың жалпы саны 250 адамды құрайды.

Конференция спорттық университеттер қоғамдастығы ғалымдарының және беделді  спорт ұйымдары өкілдерінің халықаралық интеграция жолындағы жаңа қадамы болып табылады. Қазақстандағы  студенттік спорт қозғалысын дамытуға лайықты үлес қосады, ал зерттеулердің нәтижелері мамандар тарапынан лайықты бағаланады және студенттік спорттың практикасына енгізілетін болады.

Жарнама

Живи спортом!