Умар Нурмагомедовтің UFC ұйымындағы келесі кездесуі белгіленді

19 қараша 2021 17:50
©UFC

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін ресейлік Умар Нурмагомедов келесі кездесуін 19 наурыз UFC Fight Night түні өткізеді. Оның қарсыласы британдық Джек Шор болады. 

Еске салайық, 25 жастағы Умар Нурмагомедов UFC ұйымындағы бірінші кездесуін 2021 жылдың қаңтарында өткізіп, қылқындыру әдісімен екінші раундта қазақстандық Сергей Морозовтан үстем түсті. Жалпы ол аралас жекпе-жекте 13 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

Ал 26 жастағы Шор болса соңғы кездесуін UFC Fight Night 191 турнирінде өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша Людик Шолияннан айласын асырды. Джек аралас жекпе-жекте 16 кездесу өткізіп, барлығында қарсыластарынан үстем түскен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: