UFC ұйымындағы ең мықты спортшылардың бірі Қазақстанның намысын қорғайтын болды

20 маусым 2021 13:42
Сурет: UFC

Аралас жекпе-жектегі танымал ресейлік спортшы Мовсар Евлоев қазақстандық Arlan MMA Pro Team командасына ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Енді ол UFC ұйымына Қазақстанның атынан шығады. 

Спортшының айтуынша, оған қазақстандық клуб жақсы ұсыныс жасаған. Бірақ ол ешқандай қосымша сыйақысыз клубтың намысын қорғауға келісіпті. 

27 жастағы Евлоев дәл қазіргі уақытта UFC ұйымындағы спортшылар арасында ең көп жеңісті серияға ие. Ол соңғы 15 кездесуінің барлығында жеңіске жеткен. 

Мовсар жартылай жеңіл салмақтың рейтингінде 13-ші орынға жайғасқан. Қазақстандық спортшылар арасында UFC рейтингіне кірген бірінші спортшы. 

Сондай-ақ, Евлоев танымал қазақстандық менеджер Саят Абдірахмановпен жұмыс істейді. 

Еске салайық, Сунжа қаласының тумасы кезінде М-1 Global ұйымының чемпионы болған. 2018 жылы ол қазақстандық Сергей Морозовпен (16-5) кездесіп, нокаутпен жеңген. 

Евлоев UFC ұйымындағы соңғы кездесуін 13 маусым күні өткізіп, канадалық Хаким Доводуды жеңді. 

 

Метки: