UFC үш спортшысын ұйымнан қуып жіберді

1 қыркүйек 2022 20:00
©UFC

UFC үш спортшыны ұйымнан қуып жіберді, деп жазады vRINGe.com порталы. Оның екеуі соңғы UFC 278 турнирінде өнер көрсеткен. 

Танымал промоушеннен қуылғандардың біріншісі - жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық Гарри Хансакер (7-6). Ол соңғы кездесуінде Тайсон Педродан (9-3) жеңіліп қалды. Содан кейін UFC ұйымындағы рекорды 0-3 болды. 

UFC-ден қуылған екінші файтер - қытайлық Янань Ву (13-6). Жеңіл салмақта өнер көрсететін бұл ару соңғы жекпе-жегінде чехиялық Люси Пудиловадан (14-7) техникалық нокаутпен ұтылды. Янань үшін бұл UFC-дегі алтыншы айқас болды. Қытайлық оның бесеуінде жеңілді. 

Үшінші қуылған файтер - Клаудио Силва (14-4). Ол 23 шілде күні Лондон қаласында UFC Fight Night 208 турнирінде өнер көрсетіп, Николас Дэлбиден (20-4-1-2) жеңілді. Бұл оның қатарынан үшінші жеңілісі болды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: