UFC президенті Хамзат Чимаевтан не күтетінін ашық мәлімдеді

28 қыркүйек 2022 20:31
©twitter.com/KChimaev

UFC ұйымының президенті Дана Уайт шыққан тегі шешен, бірақ Швеция елінің намысын қорғайтын Хамзат Чимаевтан не күтетінін айтты, деп жазады "Чемпионат". 

"Бүгін біз матчмейкерлермен кездестік. Хамзаттың болашағы туралы ақылдастық. Оның қандай мықты екенін айттық. Соңғы кездесуінде ол Кевин Холландты оңай жеңді. Мұны ешкім күтпеген еді. 

Хамзаттың салмағына келетін болсақ, көптеген матчмейкерлердің арасында талас жүруде. Біреу ол жартылай орта салмақта өнер көрсету керек десе, кейбірі орта салмақ дейді. Ол 170 фунтты істей алады. Бірақ шамалы қиналып қалады. 

Мен дәл қазір Чимаевтың салмағы туралы ештеңе айта алмаймын. Оның өзінің қалауын тыңдау керек. Дегенмен мен одан көп жеңіс күтемін", - деді Уайт. 

Еске салайық, Чимаев соңғы кездесуінде негізі Нейт Диаспен айқасу керек болған. Бірақ UFC 279 турниріне салмақ лмитінен асып кетті. Сосын Хамзатқа қарсылас болып Кевин Холланд бекітілді. Бұл қарсыласты шешен спортшысы бірінші раундта жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport