UFC президенті Хабибті промоушен тарихындағы үздік бестіктің қатарына қоспады

©Reuters

UFC президенті Дана Уайт промоушен тарихындағы ең өздік бес файтердің тізімін айтты, жеп жазады GQ Sports порталы. 

"Джон Джонс, Андерсон Сильва, Ронда Роузи, Конор МакГрегор, Жорж Сен-Пьер. Бұл тізімде басқа да көп файтерлер болуы керек ... Камару Усман да кіру керек", - деді президент. 

Жеңіл салмақта UFC бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов туралы Уайт "өте талантты, бірақ, ол карьерасын тым ерте аяқтап кетті", - деді. 

Еске салайық, Нурмагомедов 2021 жылдың наурыз айында карьерасын аяқтағаны туралы мәлімдеді. Оның аралас жекпе-жектегі рекорды 29-0.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport