UFC-дің уақытша чемпионы болған Тони Фергюсонның келесі қарсыласы анықталды

10 наурыз 2022 20:17
©UFC

Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы уақытша чемпионы Тони Фергюсонның келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Sherdog порталы. 

38 жастағы тәжірибелі файтер келесі кездесуін 7 мамыр күні Феникс (Аризона штаты, АҚШ) қаласында UFC 274 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы Bellator ұйымының бұрынғы чемпионы, UFC ұйымында чемпиондық белбеуге үміткер болған Майкл Чендлер болады. 

Еске салайық, соңғы екі жылда Фергюсон үш кездесу өткізіп, барлығында жеңілді. Ол алдымен Джастин Гейджиден, кейін Чарльз Оливейра және Бенеил Дариюштан ұтылды. 

Ал Чендлер болса соңғы айқасын өткен жылдың қараша айында өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша Джастин Гэтжиген жеңіліс тапты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport