UFC-дің бұрынғы өкілі қазақстандық промоушенге ауысты

28 маусым 2021 18:35
Сурет: instagram.com/gpopovmma

UFC ұйымының бұрынғы өкілі Григорий Попов қазақстандық NFC лигасымен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Лиганың Instagram парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, келісімшарт ұзақ мерзімге жасалыпты. 

Попов осы уақытқа дейін аралас жекпе-жекте 13 кездесуде жеңіске жетіп, 4 рет жеңілген. Ол 61 келіге дейінгі салмақта Ресей атынан өнер көрсетеді. 

Айта кетейік, бұл UFC ұйымынан қазақстандық промоушенге ауысып отырған алғашқы спортшы. 

Метки: